Ертістен орталық алаңға дейін: Өскеменде жаңа саябақ болады

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 18:21 0

фото: e-history.kz

Өскеменде биыл абаттандыру жұмыстары жанданып, Халифа Алтай мешітінің алдындағы және Орталық мәдениет үйі маңындағы скверлерді жаңартылады.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың бастамасымен Ертіс көпірі мен Республика алаңын байланыстыратын саябақ ашу жоспарланып отыр. Бұл жоба қаланың заманауи дамуына бағытталған маңызды қадам, дейді мамандар.

Қазір облыс орталығында Протозанов жағалауы жөнделіп жатыр. Сонымен қатар Бейбітшілік, Чехов, Абай және Жеңіс көшелеріндегі жаяу жүргінші жолдары жаңартылуда.


 

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив