Өскемендік полицейлер қызметтік емес, қарапайым көлікпен жолға шығып, жасырын камера арқылы қозғалысты бақылап жүр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Көліктің алдыңғы орындығына роботқа ұқсайтын автоматты жүйе орнатылған. Жол ережесі бұзылған жағдайда, автоматты жүйе бірден тіркеп отырады.
Облыстық полиция департаментінің өкілдері бұл сынақ режимінде енгізілген әдіс екенін мәлімдеді. Жасырын патрульдеу оқыс оқиғаларды азайтуға ықпал етеді деп есептейді тәртіп сақшылары.
«Мұндағы басты мақсат – жол ережелерін сақтау көрсеткішін жақсарту. Бұл тек сынақ режимі. Ереже бұзған жүргізушілер тіркеледі, бірақ әлі ешкім жауапкершілікке тартылған жоқ», - деп мәлімдеді департамент.