Өскеменде көше шамдары көбейеді


ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 09:56 0

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемен тұрғындарының жарықтандыру жүйесіне қатысты шағымын ескеріп, бірнеше ауданды аралап көрді.

Мәселен, қала орталығындағы Әуезов даңғылында шамдар саны аз. 

– Міне, даңғылдың басында тұрмыз. Көше шамдарының арасы өте алшақ, – деді облыс әкімі.

Бұрын Әуезов даңғылының ортасында көгал болған. Қала тұрғындарының айтуынша, кейінірек көгалды алған кезде шамдар бірге кеткен. Сондықтан қазір мұнда жарық бағандары аз.

Өңір басшысы көше шамдарының санын көбейтуді тапсырды. Өскемен қаласының әкімі Алматы Ақышов биыл қала бойынша 1700 көше шамы орнатылатынын айтты.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив