Катонқарағай, Зайсан, Кендірлі әуежайларына қанша қаражат жұмсалады?


ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты 19-02-2025, 12:06 0

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймағында әуежай салынады. Үкімет отырысында көлік вице-министрі Талғат Ластаев құрылыс жұмыстарына дайындық пысықталып жатқанын хабарлады. 

Вице-министрдің айтуынша, әрбір нысанның екі мың метрден асатын ұшу-қону жолағы болады. Әуежайларда ATR-72 және Q-400 Bombardier деп аталатын өңірлік ұшақтар пайдаланылады. Жетпіс төрт жолаушыға дейін сиятын әуе кемелері Өнеркәсіпті дамыту қорының тетіктері арқылы сатып алынбақ.

Үш аймақтағы әуежайға да Алматы, Астана және басқа да ірі қалалардан тікелей рейстер ашылады. 

Жобалардың құны 117,7 млрд теңге.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив