Алтай қаласына жаңа әкім тағайындалды – ШҚО


ЖАҢАЛЫҚТАР 18-02-2025, 11:08 0

Алтай қаласының әкімі Сергей Охременко болды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев қаланың жаңа басшысына шағын және орта бизнесті қолдау, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту, жұмыс орындарын құру, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және инвестиция тарту сынды міндеттер жүктелетінін жеткізді. Сондай-ақ қаланың туристік әлеуетін ашуға ерекше назар аударуға тиіс.

«Қаланың бұрынғы әкімі Игорь Оконешниковқа атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді», - деді Ренат Құрмамбаев.

Сергей Охрименко бұған дейін Алтай ауданы әкімінің орынбасары болып, экономика және ауыл шаруашылығы салаларын қадағалаған.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив