Облыс орталығында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында жеңіл атлетикадан республикалық чемпионат басталды.
О.Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде өтетін жарысқа Ақтөбе, Шымкент, Қостанай, Маңғыстау, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Тараз, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарынан 150-ге жуық спортшы қатысады.
Сурдо жеңіл атлетикадан республикалық чемпионат жүгіру, секіру, ядро лақтыру және эстафета бағыттары бойынша өтеді. Ел біріншілігінің нәтижесі бойынша үздік спортшылар ұлттық құрама сапына қосылады.
Спорт бәсекесі 19 ақпанға дейін жалғасады.