Тарбағатайда 18 жастағы қыз өзін боқтаған әкесін сотқа берді


ЖАҢАЛЫҚТАР / АУДАНДАР 15-02-2025, 07:49 0

Тарбағатай ауданында 18 жастағы қыз өзін боқтаған әкесін сотқа берді, деп жазады Қазақпарат.

ШҚО соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Тарбағатай аудандық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 1-бөлігімен іс қаралды. Белгілі болғандай, ер адам 23 қаңтарда үйде бір бөтелке арақ ішіп, өзінің туған қызына былапыт сөздер айтқан.

- 18 жастағы қыз бұл туралы Тарбағатай аудандық полициясына хабарлады. Тексеру барысында айыпталушының «аса ауыр» алкогольдік мас күйде бола тұра, қызына жанжал шығарып, әдепсіз сөздер айтып, оның тыныштығын бұзғандығы анықталған. Соттың қаулысымен ер адам кінәлі деп танылды. Ол ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген ақпаратта.

 https://kaz.inform.kz/news/shko-da-18-zhastagi-kiz-ozn-boktagan-akesn-sotka-berd-95fd1d/

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив