сурет ашық дереккөзден алынды
«Hilton» деп аталатын белгілі халықаралық қонақ үй желісі Өскеменде де болады. Ертіс көпірінің жанындағы айналма жолдың тұсына салынатын нысан қаладағы ең биік ғимаратқа айналмақ, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Бизнес өкілдерімен кездескен Өскемен әкімі Алмат Ақышов төрт жұлдызды қонақ үйдің жобасына ерекше назарын аударды.
Жоба бойынша жиырма екі қабатты ғимараттың биіктігі алпыс метрден асады. Төрт жұлдыз стандарттарына сәйкес 154 бөлме болады. Кешеннің жалпы ауданы шамамен 30 мың шаршы метр. 102 орындық ашық тұрақ және 78 орындық екі деңгейлі жерасты тұрағы жабдықталады.
Ғимаратта қонақ үймен қатар бизнес-орталықтың лоббиі, бизнес-орталықтың өз спорт залы, премиум кеңселер, мейрамханалар және үш конференц-зал болады.