Өскемен: балабақшадағы орындар енді әділ бөлінетін болды


ЖАҢАЛЫҚТАР 14-02-2025, 09:13 0

Өскемендегі балабақшаларда ваучерлік қаржыландыру әдісі енгізіледі. Бұл жүйе бойынша қаржы балаға бекітіледі де, бала басқа балабақшаға ауысатын болса қаражат та сол мекемеге беріледі, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жанғазы Әліпбаев пилоттық жоба наурыз айында басталатынын мәлімдеді.

– Жаңа жүйеге сәйкес ата-аналар өз баласын таңдаған мекемеге орналастыру үшін виртуалды ваучерлер алады. Бұл ретте қаржы балаға бекітіледі, яғни егер бала басқа балабақшаға ауысса, қаражат та сол мекемеге бағытталады. Осылайша «орын іздеу» мәселесі жойылып, орындарды әділ бөлудің жаңа жүйесі енгізіледі: кезекке бірінші тұрғандар басымдыққа ие болады, – деді Жанғазы Әліпбаев

Жаңа жүйе 83 балабақшаны қамтиды: 31-і мемлекеттік, ал 52-сі жекеменшік ұйымдар. Ваучерлік қаржыландыру балаларды балабақшаларға қабылдау тәртібін өзгертіп, мемлекеттік білім беру тапсырысын басқаруды жаңа деңгейге көтеретінін айтады басқарма өкілдері.

– Ваучерлік қаржыландыруды енгізу – қаламыздағы мектепке дейінгі білім беру жүйесін жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Бұл модель барлық қатысушылар үшін үдерісті әлдеқайда ыңғайлы әрі түсінікті етеді деп сенеміз, – деді Жанғазы Әліпбаев.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив