Өскеменде ерекше этнобал өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Этнобалға кез-келген адам тегін қатыса алады. Тек бір шарт бар: киіміңізде ұлттық нақыш болуға тиіс.
– Ұлттық киім кию де міндет емес, үстіңіздегі киімде этно стильдің бір нақышы немесе ұлттық аксессуар болса да жеткілікті. Бір сөзбен айтқанда, сырт келбетіңіз мерекелік шараның ауанымен астасып тұрса болғаны. Бұл қала тарихында қалатын оқиға болмақ, – дейді ұйымдастырушылар.
Этнобал облыс орталығындағы Достық үйінде (Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 68) 15 ақпанда сағат 15:00-де өтеді.
Толық мағлұмат алу үшін: 8 702 5263225