Бұғаттала ма, бұғатталмай ма? Тағы да TikTok туралы


ЖАҢАЛЫҚТАР / ӘР САЛА 6-06-2024, 17:18 0


Ulysmedia.kz тілшісі Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақовтан Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қандай әлеуметтік желілер қауіп төндіретіні және олар қалай шектелетінін сұраған.


– TikTok-қа қатысты мәселені нақтылайық. Шынында да, министрлік тарапынан бүгін де бұғаттау мәселесі жоқ. Бірақ кез-келген жағдайда, заңға сәйкес, қолжетімділікті шектеуге байланысты шаралар қарастырылған. Ұлттық қауіпсіздік мәселесіне байланысты заңдарды ашып қарауды ұсынамыз. Онда бәрі анық әрі түсінікті. Аумақтық тұтастықты бұзу, қоғамға төнетін қатерлер, әлеуметтік қатерлер және ұлттық қауіпсіздік құзыретіне жататын өзге де мәселелер айтылады ол жерде, - дейді Ысқақов.





daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив