Алимент қарызы – 9 млн. Өскемендік әйелдің үстінен іс қозғалды


ЖАҢАЛЫҚТАР 12-02-2025, 15:02 0

Алимент бойынша қарызы 9 миллион теңгеден асып кеткен Өскемендік әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Полицияға арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдайтын «Үміт»  орталығының директоры шағым түсірген. Оның айтуынша, 42 жастағы әйел аталмыш орталықтағы жеті балаға алимент төлеу туралы сот шешімін орындаудан бас тартқан. Берешек сомасы 9 миллион теңгеден асады.

«Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп мәлімдеді бұл жөнінде облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив