сурет ашық дереккөзден алынды
Шығыс өңірінде 3,5 мың бос жұмыс орны бар. Облыс бойынша 17 мың адам ресми түрде жұмыссыз деп тіркелген, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Еңбек биржасындағы деректерге сүйенсек, облыс орталығындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға 1 700-ден астам маман қажет. Ал бүгін мансап орталығында ұйымдастырылған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне 180 адам жұмыс іздеп келді.
Жәрмеңке «Мансап компасы», «Бос жұмыс орындары» және «Субсидияланатын жұмыс орындары» деген үш бағыт бойынша өткізілді.
– Мансап компасы – жастарға бағыт-бағдар беретін ерекше жүйе. Ізденімпаз жастарға түрлі жұмыстың жалақысы, талаптары түсіндірліді. Мәселен, биыл Зайсан мен Катонқарағайда әуежай құрылысы басталады. Мұнда көптеген мамандар қажет болатыны анық. Студенттер осы жағына қызығушылық танытып отыр, – дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова.