Мектеп салқындап кетті. ШҚО-да оқушылар онлайн оқып жатыр


ЖАҢАЛЫҚТАР 11-02-2025, 09:03 0

Шығыс өңірінің кейбір аудандарында аяздың беті әлі қайтпай тұр. Сондықтан бүгін де оқушылар онлайн оқиды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Атап айтқанда, Алтай, Марқакөл және Күршім ауданында сынап бағаны 30 градусқа дейін төмендеген. Бірқатар мектепте сабақ онлайн форматта өтеді.

Ал Самар ауданында М.Жұмабаев атындағы мектеп ғимаратының температурасы төмендеп кеткен (15,5°C). Оқушылар сол себепті онлайн оқуға көшті.

Білім басқармасы қазір аталмыш мектептегі электр қазандықтары ақаусыз жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив