1 қаңтарда Қазақстан халқының несиесі 20,7 трлн теңгеге жетті, деп хабарлады қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
Желтоқсанның басында ел тұрғындарының кредиті 20,3 трлн теңге болған көрінеді. Агенттік ақпараты бойынша, бір ай ішінде несие көлемі 1,7 пайызға өскен.
«Халыққа берілген кредиттер 2024 жылы 23,9%-ға ұлғайып, 20,7 трлн теңгеге жеткен. Былтыр желтоқсан айында несиелердің көлемі 1,7%-ға өскен. Десе де 2023 жылмен салыстырғанда (26,7%) бәсеңдеу бар», - делінген хабарламада.
фото: сaravan.kz