Өскеменде білім көрмесі ашылады


ЖАҢАЛЫҚТАР 6-02-2025, 10:35 0

шартты сурет

Өскеменде алғаш рет білім көрмесі ашылады. Бұған Астана, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар және Семей қаласының оқушылары қатысады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Көрмені талапкерлерге арналған Vipusknik.kz мамандандырылған республикалық интернет-порталы ұйымдастырады. Іс-шараға Өскемен мектептерінің  9, 10, 11 сынып оқушылары – 8 мыңға жуық талапкер қатысады деп жоспарланып отыр. Аудан мектептеріндегі он мыңнан астам оқушы zoom конференциясы арқылы қосылады, деп хабарлады білім басқармасы.

«Бұл көрме оқушылармен, ата-аналарымен қарым-қатынасты дамытуға мүдделі жетекші университеттер үшін бірегей алаң. Сондай-ақ мұнда кәсіптік бағдар жұмысын күшейту, заманауи білім берудің бірегей мүмкіндіктері туралы да айтылады», - делінген хабарламада. 

Білім көрмесі 17-18 ақпанында болады.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив