Өскеменде 11 учаскені су басуы мүмкін


ЖАҢАЛЫҚТАР 4-02-2025, 10:22 0

шартты сурет

Облыс орталығында тасқынның алдын алу үшін мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, әзірше қарғын су қауіп төндіретін 11 учаске анықталған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Өскемен әкімі Алматы Ақышов төтенше қызмет өкілдері мен коммуналдық кәсіпорын қызметкерлеріне қауіпті учаскелер бұдан да көп болуы мүмкін екенін ескертіп, жеке секторға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

 «Тұрғындардың су басуға қатысты өтініштерін, әлеуметтік желідегі жазбаларын түгел саралап, аталған учаскелерді ерекше бақылауға алу керек», - деді қала әкімі.

Сондай-ақ мамандарға өзен арналарын, су деңгейін және құбырлар жүйесін бақылауда ұстау тапсырылды.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив