көрнекілік сурет
«Үздік туристік ауыл – 2025» ұлттық байқауында 5 ауыл жеңімпаз атанды, деп хабарлады Kazakh Tourism.
Жоба бірегей табиғи ландшафттары бар, дәстүрлер мен қолөнерді сақтаған ауылдық аумақтарды анықтауға және дамытуға бағытталған.
«Облыс әкімдіктеріне байқауға өңірден үш ауылды ұсынуға мүмкіндік берілді. Қатысушыларды іріктеу кезінде табиғи және мәдени ресурстарға, елді мекендердегі дәстүрлі қызмет түрлерінің сақталуына ерекше көңіл бөлінді» - делінген хабарламада.
Қазақстанның 5 үздік туристік ауылы:
Лепсі (Жетісу облысы, Алакөл ауданы)
Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы, Сырдария ауданы)
Хан Ордасы (БҚО, Бөкей ордасы ауданы)
Поперечное (ШҚО, Риддер қаласы)
Шабанбай би (Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы)
Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы (UNWTO) өткізетін UN Tourism Best Tourism Village байқауына Қазақстан атынан қатысады.
Еске салайық, 2023 жылы Алматы облысының Саты ауылы халықаралық деңгейде ең үздік туристік ауыл ретінде танылып, беделді UNWTO сыйлығымен марапатталған.