Шығыста қанша адам спортпен шұғылданады?


ЖАҢАЛЫҚТАР 19-12-2024, 16:01 0

Шығыс Қазақстан облысында қазір 305 мың адам жүйелі түрде спортпен шұғылданады. Салауатты өмір салтына бейім балалар мен жасөспірімдердің саны 32,7 мыңнан асады.

– Өңірде мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелерімен тығыз жұмыс істейтін дене шынықтыруды дамыту орталығы ашылған. Мұнда еңбек ұжымдары мен қарттар арасында спартакиада және әртүрлі  форматта спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады, – деді Шығыс өңіріне жұмыс сапарымен келген Ербол Мырзабосынов.

Естеріңізге салайық, Мемлекет басшысының спорттық резервті дамытуға бағытталған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жұмысын жүйелеу туралы тапсырмасы бар. Министр осы тапсырма шеңберінде мекемелерге нормативтік қаржыландыруды енгізу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Алдағы жылы спорт мектептерінде осыған байланысты арнайы пилоттық жоба іске асырылмақ.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив