Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілді – ШҚО


ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 14:10 0

Құтқарушылар жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтіп, оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша белсендіжұмысжүргізіп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.

Аяз түсіп, күн суыта бастағанда жеке тұрғын үй секорының тұрғындары жылыту құрылғыларын қолданады. Жылу жүйелері мен электр құрылғыларын пайдалану ережелерінің бұзылуы өрт шығу қаупін арттыратыны белгілі.

Құтқарушылар өрт оқиғаларын азайтып, адам өмірі мен мүлкін қорғау мақсатында алдын алу жұмыстарын күшейтті. 

-       Тұрғын үйлерді аралап, рейд жүргізіп, әңгімелесу және нұсқаулық беру шаралары жүргізілді. Азаматтарға жылу жүйелері мен электр құрылғыларын пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі ескертіледі. Жылыту маусымы басталғаннан бері рейд жұмыстарымен 116 656 үй қамтылды. Тексеру барысында 33 мыңнан астам өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзғандар анықталған. ШҚО ТЖД қызметкерлерінің уақтылы профилактикасының нәтижесінде 23 874-тен астам бұзушылық жойылды, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Алдын алу шаралары барысында көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлерге, мүгедектерге және әлеуметтік жағынан осал санаттағы азаматтарға ерекше назар аударылады, сондай-ақ датчиктер орнатылады.

ШҚО ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді:


-       тек жарамды пештер мен электр құрылғыларын пайдалану;


-       пештерді қызып кетуге және электр желілерін шамадан тыс жүктеуге жол бермеу;


-       мұржаларды уақытында тазарту;


-       пешті жағуды балаларға тапсырмау;


-       тұтандыру үшін жанғыш сұйықтықтарды қолданбау.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив