Оперетта және драма театрының алғашқы маусымы ашылды - ШҚО


ЖАҢАЛЫҚТАР 12-12-2024, 17:10 0

Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының сахнасында «Magic on stage» опереттасы өтті. Бағдарламада «Айсұлу», «MAMMA MIA», «Летучая мышь» сынды әйгілі қойылымдардың ең жарқын сәттері ұсынылды. 

Үш опереттамыздың ішінен ең үздік үзінділерін таңдап, микс ретінде ұсындық. Желтоқсан айының соңына дейін тағы бір мәрте «Айсұлу» және «Жарқанат» опереттасын қоямыз. Ал жаңа жылда қандай қойылымдарды ұсынатынымыз әзірге құпия. Сондай-ақ алдағы уақытта көлік мәселесі шешілсе гастрольдік сапарға шығуды жоспарлап отырмыз, - дейді ШҚО драма және оперетта театры оркестрінің бас дирижері Александр Галсанов.

Театрдың алғашқы маусымының ашылуына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев қатысты. Аймақ басшысы Риддер қаласы мен Алтай, Зайсан аудандарында да дәл осындай театр ашу маңызды екенін атап өтті. 

Маусымның ашылғанына мен өте қуаныштымын. Енді алға қарай жылжып, репертуарды кеңейтуге көңіл бөлу керек. Театр ұжымын міндетті түрде Алматы мен Астраханға гастрольдік сапарға жіберу керек. Біздің әртістер өз өнерін жоғары деңгейде көрсетеді деп сенемін, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.

Театр әртістерінің айтуынша, оператта театры олар үшін үлкен шығармашылық тәжірибе. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив