Биыл 45 елді мекен интернетке қосылды – ШҚО

ЖАҢАЛЫҚТАР 10-12-2024, 17:19 0

Биыл Шығыс Қазақстан облысына қарасты 45 елді мекен интернетпен қамтамасыз етілді. Бұл туралы облыс әкімі Ермек Көшербаев айтты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Аймақ басшысының айтуынша, бүгінде ауыл халқының 88%-ы интернет желісіне қосылған. Екі жылдың ішінде облысты толықтай интернетпен қамту жоспарланып отыр.
-    Жыл басынан бері 45 елді мекенге операторлармен және республикалық ғарыштық байланыс орталығымен бірлескен жұмыс нәтижесінде интернет тартылды. Тағы 13 жоба аяқталуға жақын. Оның ішінде шалғайда орналасқан 6 ауылдағы пилоттық жоба «Кар-Тел» және «Starlink» компанияларымен бірлесіп жүзеге асырылмақ, - деді облыс әкімі. 
Сондай-ақ 16 елді мекенді мобильді интернетпен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджет есебінен 18 антенна-діңгектің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде төртеуіне  байланыс операторларының жабдықтары орнатылуы керек. 
-    Ал білім ордаларына келетін болсақ, қазір 344 мектептің тек 40-ы ғана әлсіз интернетпен қалды, 2025 жылы бұл мәселе шешіледі. Қазір 161 мектепте «Starlink» спутниктік интернет орнатылған, - деді Ермек Беделбайұлы.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив