Облыс әкімдігі тікұшақты жиі пайдалана ма?


ЖАҢАЛЫҚТАР 9-12-2024, 13:25 0

Аймақ басшысы Ермек Көшербаев облыс әкімдігі тікұшақты не үшін жиі пайдаланатынын айтты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.

Баспасөз мәслихаты барысында тілшілердің бірі мемлекеттік сатып алу сайтында тікұшаққа бірнеше рет тапсырыс берілгенін айтып, себебін сұрады. 

-          Тікұшақты мен жалғыз пайдаланбаймын. Су тасқыны кезінде, ауыр хәлдегі адамдарды облыс орталығына жеткізу, қиын жағдайға тап болған тұрғындарға көмек көрсету үшін тікұшақ жібереміз. Биыл өңірде орман өрті санының азайғанын айта кету керек. Оны бақылау үшін де тікұшақтар қолданылады. Бізде оған арналған дрондар да бар. Бірақ ауа райы қолайсыз кездерде дрондар жоғалып кетуі мүмкін. Сондай-ақ дрондармен алыс аумақты бақылау мүмкін емес. Оның бәріне бюджеттен қаржы жұмсалады, - деді облыс әкімі.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив