Биыл "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша 425 үй бой көтерді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
- Жалға берілетін тұрғын үй саны екі есе өседі және кезекте тұрған 769 адам баспаналы болады. Жалпы бюджет есебінен барлығы 1441 пәтер пайдалануға берілді, - деді облыс әкімі.
Айта кету керек, өңірде алғаш рет білікті кадрлар санын арттыру мақсатында Отбасы банкімен жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылды.