Үздік еріктілер марапатталды – ШҚО

ЖАҢАЛЫҚТАР 6-12-2024, 17:42 0

Шығыс Қазақстанда облысында «Ашық жүрек» еріктілер слеті өтті. Іс-шара барысында өңір колледждерінің белсенділері өзекті мәселелерді бірге талқылап, өзара тәжірибе алмасты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.

Еріктілер слетінде төрт тренинг алаңы жұмыс істеді: 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылау;

«Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша мастер-класс» – адам өмірін құтқару негіздерін практика жүзінде оқыту;

«Командалық әрекет» – топта жұмыс істеу дағдыларын дамытуға арналған тренинг;

«Іс-әрекеттегі еріктілік» – еріктілерге арналған практикалық тапсырмалар.

Бұдан бөлек, «Ашық жүрек» волонтерлік клубтарының басшыларына «Шығыс Қазақстан облысында волонтерлікті дамыту: мәселелер, мүмкіндіктер, ынтымақтастық» тақырыбында диалог алаңы ұйымдастырылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша Риддер колледжінің 3-курс студенті Злата Власова «Үздік ерікті» атанды. 

Үздік еріктілер жобасы:

Экологиялық волонтерлік – «Шемонаиха колледжі» КММ;

Медициналық волонтерлік – «Өскемен қызмет көрсету колледжі» КММ;

Әлеуметтік волонтерлік – «Алтай ауданының ауыл шаруашылығы колледжі» КММ.

Әлеуметтік желідегі үздік еріктілер тобы – «Глубокое аграрлық колледжі» КММ.

Еріктілер қозғалысының үздік жетекшісі Сәуле Аманбаева («Риддер колледжі» КМҚК) атанды. «Үздік еріктілер клубы» аталымы «Үлкен Нарын колледжі», «Риддер колледжі» және «Самара аграрлық-техникалық колледжіне» табысталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлікке үлес қосқан студенттер мен мамандарды ШҚО бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаменті марапаттады.

Үздік еріктілерге облыстық білім басқармасының дипломымен, грамоталарымен және алғыс хаттар табысталды.


Сурет: ШҚО білім басқармасынан

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив