ШҚО ТЖД қызметкерлері мен Өскемен қаласы ТЖБ өкілдері жаңа жылдық мереке қарсаңында өрт қауіпсіздігін алдын алу мақсатында кәсіпкерлермен кеңес өткізді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Кеңеске қатысушыларға жаңа жылдық іс-шаралар кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі ескертілді. Сондай-ақ ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігі нормалары мен талаптарын сақтау бойынша барлық сұрақтарға жауап берді.
- Адамдар көп жиналатын жерлерде, жаңа жылдық іс-шаралар кезінде қауіпсіздік талаптары қатаң ескерілуі керек. Мәселен, шырша қабырғаларментөбеденкемінде 1 метрқашықтықтаорналасуытиіс. Бөлмеде электржарығыболмаса, шыршажанындағымерекелікіс-шаралартеккүндізгіуақыттаөткізілуі керек, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ құтқарушылардың айтуынша, іс-шаралар өткізілген кезде сахнада және залда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың, өртке қарсы қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылады. Шаралар өтетін бөлмелер бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.