Жаңа Бұқтырма кентінің халқы кешеден бері жарықсыз отыр


ЖАҢАЛЫҚТАР 5-12-2024, 15:01 0


 Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Жаңа Бұқтырма ауылында кеше кабельде ақау шығуы салдарынан тұрғындар жарықсыз әрі жылусыз қалған. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.


Белгілі болғандай, кенттегі жоғары вольтты кабель зақымданған. Соның салдарынан 4 желтоқсанда кешкі уақытта 3320 абонент жарықсыз қалды. Сондай-ақ электр қуатының өшуі салдарынан желіге қосылған кабельде қысқа тұйықталу болып, кентті жылумен қамтамасыз етіп тұрған қазандықтағы электр сорғы өшіп қалды. Осылайша, тұрғындардың үйлері суып кетті.

Алтай ауданы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, сағат 23.00-де қазандықты резервтік кабельге ауыстыру арқылы жылумен жабдықтау мәселесі шешілді.

– Қазіргі уақытта жарықты қайта қосу үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жоғары вольтты кабельдің зақымданған жерін анықтау үшін ауылға электр зертханасы шақырылды. Анықталған соң бірден қалыпқа келтіріледі, - делінген ақпаратта.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив