Сенатор Өскеменнің ауа сапасы бойынша үкімет басшысына қайырылды


ЖАҢАЛЫҚТАР 5-12-2024, 14:38 0

Сенатор Ольга Булавкина парламент мінберінде Өскеменді тұмшалаған түтін мәселесін көтерді. Ол қатерлі ісік аурулары көбейіп, балалар онлайн оқытуға мәжбүр болғанын айтып, үкімет басшысы Олжас Бектеновке қайырылды.

Қолайсыз экологиялық жағдайда Шығыс Қазақстан облысының 400 мың тұрғыны тұрады. Қазгидрометтің мәліметінше, 2024 жылғы 27-29 қарашада өңірде үш зиянды және қауіпті зат бойынша шекті рұқсат етілген концентрациялардың артуы тіркелген. Осылайша, күкірт ангидриді шекті рұқсат етілген шамадан 2,5 есе, көміртегі тотығы 2,2 есе асып кетті. Күкірт сутек бойынша 4,4 есе асып кеткен дерек бар. Сутегі хлоридінің шекті рұқсат етілген концентрация тоғыз еседен асады.

"Жергілікті билік 53 мың оқушыны қашықтан оқытуға көшіру туралы шешім қабылдады. ШҚО-да биыл 10 айдың қорытындысы бойынша өкпе обырының 229 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12% артық.Өткен жылы ғана тері қатерлі ісігінің 472 жаңа жағдайы және меланоманың 41 жаңа жағдайы тіркелді және көбінесе аурулар өнеркәсіптік қалалар мен аудандарда анықталадыбұл Өскемен, Шемонаиха ауданы және Алтай ауданы. Бас және мойын қатерлі ісігінің жаңа жағдайлары 23% өсті", деді Булавкина.

Ол ластану деңгейі жоғары жерлерде экологиялық жағдайды бақылау жөніндегі үкіметтік комиссия құруды сұрайды. Сондай-ақ қолайсыз экологиялық жағдайдың себептерін жою жөнінде шаралар қабылдансын дейді.

Сондай-ақ, ол ауаның сапасын автоматты бақылау станцияларымен қамтамасыз ету бойынша өнеркәсіптік және өндірістік объектілердің иелеріне қойылатын талаптарды күшейту  қажет деп санайды.

"Үшіншісі-лауазымды тұлғалардың мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыруына кедергі келтіргені үшін заңды және жеке тұлғалардың жауапкершілігін қатаңдату. Барлық қабылданған шаралар азаматтардың денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде,сондай-ақ экологиялық стандарттарды сақтауда маңызды құрал болады", деді сенатор. 

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив