Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әткеншектен құлап қайтыс болған 8 жасар баланың ата-анасы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтың қабылдауында болды.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға осы жылдың шілде айында болды. Марқұмның туыстарының айтуынша, 8 жасар Арсений әткеншектен құлап, ауыр жарақат алған. Кейін 12 күн комада жатып, қайтыс болды.
Кеше, 4-ші желтоқсанда облыс әкімі Ермек Көшербаев қайтыс болған баланың ата-анасымен кездесті.
– Бұл іс бойынша тергеу аяқталды, іс сотқа жіберілді. Бірқатар жеке мектептің лицензиясы болмағандықтан, біз бұл мәселені жан-жақты талқылайтын боламыз. Мен өз кезегімде балаларымыздың өміріне қауіп төнбеу үшін мектептердегі барлық спорт нысандарын мұқият тексеруді тапсырдым, - деді облыс әкімі.