ШҚО кардиохирургтары жасанды клапан орнатудың жаңа тәсілін меңгерді


ЖАҢАЛЫҚТАР 5-12-2024, 14:18 0

Облыстық ауруханада жүрек қақпақшаларын ауыстыру (TAVI) бойынша траскатетерлік операциялар шамамен бес жыл бойы жасалып келеді. Бұл – жүрекке ашық операция жасауға болмайтын жастағы науқастарда ауыр стенозды емдеудің қолайлы әдісі. Жасанды клапан жүрекке кеуде қуысын кеспей-ақ, жамбас артериясындағы кішкене тілік арқылы орнатылады. Алайда науқастың артерияларында атеросклероз немесе кальциноз болса, клапанды артерия арқылы орнату мүмкін емес.

Мұндай жағдайда науқастар әдетте Астанаға жіберілетін, онда клапан жүректің жоғарғы жағында жасалған тесік арқылы трансапикальды түрде орнатылатын. Бүгінге дейін Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми кардиология орталығы осындай тәсілмен ота жасайтын еліміздегі бірден бір клиника еді.

Облыстық аурухананың дәрігерлері алғаш рет жүректің жоғарғы бөлігіндегі тесік арқылы қолқа (аорта) қақпағын орнатты. Операцияны құрамында рентгенхирург, кардиохирург, анестезиолог бар мультидисциплинарлық дәрігерлер тобы Ұлттық ғылыми кардиология орталығының кардиохирургтері Серік Әлімбаев пен Абдурашид Мұсаевтың жетекшілігімен жасады.

78 жастағы шығысқазақстандықтың көптеген созылмалы аурулары болғандықтан оның жүрегіне ашық операция жасау мүмкін болмады, оны құтқарудың жалғыз мүмкіндігі TAVI отасы еді, алайда атеросклероз отаны жамбас артериясы арқылы жасауға мүмкіндік бермеді. Ол облыстық аурухананың кардиология бөлімінде мезгіл-мезгіл емделіп жүретін, ал ота жасату үшін Астанаға барғысы келмеді, отаны облыстық аурухана хирургтарының жасағанын қалады. Аяғы осы науқасқа құрамында алты хирург,екі анестезиолог, функционалды диагностика дәрігері, бірнеше медбике бар дәрігерлер тобы операция жасады. Ота шамамен төрт сағатқа созылды және сәтті өтті.

-Операцияны осындай тәсілмен жасау пациентті отаға дайындайтын дәрігерлердің де, хирургтардың да, кардиологтардың да үлкен шеберлігін қажет етеді. Бірақ жүрек клапандарын транскатетерлік имплантациялауды бес жылға жуық жасап келе жатқан біздің тәжірибеміз көп. Соның нәтижесінде біз бүгін бұрыннан таныс TAVI-ді біз үшін жаңа жолмен жасауға мүмкіндік алдық. Бұл дегеніміз, енді бұдан да көп пациенттер өңірден тыс жерлерге шықпай-ақ, біздің ауруханада жүректің өте күрделі ауруларын жоғары кәсіби дәрежеде емдете алады, - деп бөлісті эндоваскулярлық хирург, аурухананың бас дәрігерінің медициналық бөлім бойынша орынбасары Қуатжан Әбішов.

Жоғары технологиялық операцияның құны жеті млн.теңгеден асқанын және науқасқа тегін жасалғанын айта кеткен жөн. Операцияның шығыны МӘМС қаражаты есебінен өтелді.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив