ШҚО-да жүрекке жаңа тәсілмен ота жасалды


ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 17:11 0

Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының дәрігерлері 78 жастағы науқасқа жүрек клапандарын транскатетерлік жолмен алмастырудың жаңа тәсілімен операция жасады. 

Өткен сенбіде облыстық аурухананың дәрігерлері алғаш рет жүректің жоғарғы бөлігіндегі тесік арқылы аорталық клапан орнатты. Операцияны мультидисциплинарлық дәрігерлер тобы Ұлттық ғылыми кардиология орталығының кардиохирургтері Серік Әлімбаев пен Абдурашид Мұсаевтың жетекшілігімен жасады. 

78 жастағы науқасқа облыстық аурухананың алты хирург, екі анестезиолог, функционалды диагностика дәрігері, бірнеше медбикеден құралған дәрігерлер тобы операция жасады. Шамамен төрт сағатқа созылған ота сәтті өтті. 

– Операцияны осындай тәсілмен жасау пациентті отаға дайындайтын дәрігерлердің де, хирургтардың да, кардиологтардың да үлкен шеберлігін қажет етеді. Бірақ жүрек клапандарын транскатетерлік имплантациялауды бес жылға жуық жасап келе жатқан біздің тәжірибеміз көп. Соның нәтижесінде біз бүгін бұрыннан таныс TAVI-ді біз үшін жаңа жолмен жасауға мүмкіндік алдық. Бұл дегеніміз, енді бұдан да көп пациенттер өңірден тыс жерлерге шықпай-ақ, біздің ауруханада жүректің өте күрделі ауруларын жоғары кәсіби дәрежеде емдете алады, - дейді эндоваскулярлық хирург, аурухананың бас дәрігерінің медициналық бөлім бойынша орынбасары Қуатжан Әбішов. 

Құны 7 миллион теңгеден асатын жоғары технологиялық операция науқас үшін тегін жасалды. Операцияның шығыны МӘМС қаражаты есебінен өтелді.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив