Халықаралық жарыстардың жеңімпаздары енді ҰБТ тапсырмай-ақ грантқа түсе алады


ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 19:30 0

Енді барлық жас ғалымдар олимпиада жеңімдаздарымен бірдей гранттарға ие бола алады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. 

– Біз халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздарын қолдауды қарастыратын түзету енгізуді ұсындық, бірақ ол кезде үкімет бұл бастаманы қолдамады. Әр мәселені қайта қарап, тағы бір рет талқыладық, ақырында, біздің түзету ішінара мақұлданып, Үкімет оң қорытынды берді. Мәжілісте заң жобасын талқылау бойынша жұмыс тобының отырысында бұл бастама үшін дауыс берілді, - дейді Мәжіліс депутаты. 

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, енді халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары ҰБТ тапсырмай-ақ еліміздегі кез келген университетке грантпен түсе алады. 

– Келесі қадам – бұл балаларға ақшалай сыйақылар беру нормасын енгізу. Біз осы мәселені шешіп, 5 миллион теңгеге дейінгі сыйақыны олардың да алуы үшін жұмыс істейтін боламыз, - деді Асхат Аймағамбетов. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив