Риддер жылу электр орталығында 5 қазандық агрегатын жөндеу жұмыстары аяқталды


ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 12:40 0

Риддер ЖЭО Қазақстан бойынша "қызыл аймаққа" жататын 19 жылу көзінің тізіміне енген болатын. Осындай жылу орталықтарын шұғыл жаңғыртуды биылғы жылдың ақпан айында өткен кеңейтілген отырыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке міндеттеген еді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Риддердегі жылу электр орталығындағы кешенді жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 8 млрд теңге бөлінді. 

ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта 5 қазандық агрегатын жөндеу жұмыстары аяқталды. 

– 4 қазандық агрегаты іске қосылып тұр. Олар № 1, 2, 3, 6 қазандықтар. № 4 қазандық агрегатында іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. №5 қазандық жұмыстары аяқталу сатысында, аяқталғаннан кейін резервке ауыстырылады. Жылу желілері бойынша жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Риддер қаласында жылыту маусымы алдын ала басталды, жылумен жабдықтау температуралық кестеге сәйкес жүзеге асырылып жатыр, - делінген хабарламада.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив