Біздің ұстаным – шекара маңындағы ауыл мектептерін сақтап қалу – министр

фото: khabar.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР 3-12-2024, 12:37 0

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев шекара маңындағы ауыл мектептері жөнінде айтты.

– Ауыл мектептерінің саны 5 мыңнан асады. Шағын жинақты мектептер саны - 2700. Оның ішінде кіріктірілген сыныптармен, яғни, 10-20-30 бала оқитын мектептердің саны мыңға жуықтайды. Шағын жинақты мектептердің көпшілігі шалғай ауылдарда орналасқан. Шекара маңындағы мектептердің де есебін жүргізіп отырмыз. Біздің ұстанымыз – шекара маңында орналасқан мектептерді қандай жағдайда да сақтап қалу. Яғни, оларды жаппау тұрғысында әкімдіктерге өз ұстанымызды айтып отырмыз, – деп жауап берді министр БАҚ өкілдерінің сауалына.

Сонымен қатар ол бұған дейін ауыл тұрғындарының көшіп кетуіне байланысты мектепте оқитын бала болмағандықтан олардың жабылу деректері болғанын айтты. Бірақ, нақты санын атай алмады.

– Қазір мұндай деректер қолымда жоқ. Жалпы, жыл сайын есеп жүргізіліп отырады, – деді Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, еліміздегі 8 мыңға жуық мектептің 67 пайызы – ауыл мектебі. Оқушылардың 40 пайызы ауыл мектебінде білім алады.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив