Семсерлесуден Гонконгта өткен Әлем кубогінде шығысқазақстандық спортшылар топ жарды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысының спортшылары Богдан Лукин мен Кирилл Проходов әлемдік додада Қазақстанның ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетті. Нәтижесінде жас спортшылар күміс жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден Бернде (Швейцария) өткен әлем кубогының кезеңінде ширек финалға дейін жеткен болатын.