Ресей 2026 жылғы «Болашақ ойындарын» Қазақстанда өткізу туралы шешімді қолдады

ЖАҢАЛЫҚТАР 28-11-2024, 17:10 0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы елімізде спорттың дәстүрлі түрлері мен киберспортты ұштастыратын Үшінші «Болашақ ойындары» ұйымдастырылатынын мәлімдеді. Бұл бірегей сайыстың әуелгі бастамашысы – Ресей. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында өткен брифингте тараптар Қазан қаласында (Ресей Федерациясы) өткен «Болашақ ойындары» бірінші халықаралық мультиспорттық турнирінің өткізілуін жоғары деңгейде бағалады. Спорттық жарыстардың бұл бірегей форматы бүкіл әлем бойынша жастардың назарын аударды. Оның дамуы дене шынықтыру және спорт желісі бойынша мемлекетаралық өзара іс-қимыл бағыттарының біріне айналады.

Ресей тарапы 2026 жылы Қазақстанда үшінші «Болашақ ойындарын» өткізу туралы шешімді қолдайды.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив