Пагонынан айырып, бас бостандығын шектеу — Өскемендегі патрульдік полиция қызметкеріне жаза


ЖАҢАЛЫҚТАР 30-05-2024, 09:53 0

Өскеменде патрульдік полиция инспекторы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды бұрмалаған. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы хабарлады. 

“Хаттамаларды бұрмалауға инспектордың көрсеткіштерін жақсы қылып көрсеткісі келгені себеп болған”, деп жазылған ақпаратта.

Құзырлы орган қалалық полиция басқармасына тексеру жүргізген.

Прокуратура дерегінше, тергеу барысында инспектор “кінәсін” толық мойындады. Сот оны үш жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырып, 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив