Шығыс Қазақстан облысында алаяқтар облыс тұрғындары Бұқтырма су қоймасындағы көпірмен жүріп өткені үшін ақы төлеуі қажеттігі жайлы СМС-хабарламалар жіберуде. Жаңа алаяқтық схема пайда болды.
Хабарламада пайдаланушының ақылы жолдармен жүру үшін қарызы бар екендігі, толығырақ ақпарат алу үшін төмендегі сілтемеге өту қажеттігі жазылған.
ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мұндай хабарламалар алаяқтықтың жаңа түрі екенін атап өтті.
– Көпірмен жүру көліктің барлық түрі үшін тегін. Мұндай хабарламаларды алаяқтар жіберіп жатыр. Азаматтарды мән бермеуге және күдікті сілтемелерге өтпеуге шақырамыз, - дейді ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Жұмаділов.