Облыстық мәслихат сессиясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев 25 қазанда Бұқтырма су қоймасындағы көпір ашылатынын айтты.
Ермек Көшербаевтың мәлімдеуінше, Бұқтырма су қоймасындағы көпір құрылысы аяқталуға жақын. Қазір көпірдің айналасында 19 шақырымдай жол бар. Республика бойынша мұндай көпірлер бұрын салынбаған. Жасанды теңіз арқылы өтетін екі жолақты автомобиль көпірінің жалпы ұзындығы 1316 метрді құрайды.
– Күршімде ақсақалдар мен жастар жиналып комитет құрған екен. Осы көпір іске асырылғаннан кейін бүкіл облыс тұрғындарымен бір шараны өткіземіз деп. Бір жағынан мен ойлап едім керегі жоқ деп, бірақ халықтың ниеті болғаннан кейін айттым қолдаймыз деп. Халықты қолдап, бүкіл облыстың тұрғындарын сол жерге жинап, көпірдің іске асырылғанын көрсетуіміз керек, - деді облыс әкімі.