Биыл елімізде алғаш рет Ұлттық кітап күні аталып өтуде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 23 сәуір — Ұлттық кітап күнімен құттықтады.
Бұл атаулы күн былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес белгіленген болатын. Мемлекет басшысы өз құттықтауында Ұлттық кітап күні — білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн екенін атап өтті.
– Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады, – делінген құттықтауда.
Сонымен қатар Ұлттық кітап күніне арналған іс-шаралар апталығы басталғаны хабарланды