Спорт сарайындағы жерүсті өткелінің орнына жаяу жүргіншілер жолы қайтарылуы мүмкін


ЖАҢАЛЫҚТАР 6-11-2024, 17:30 0

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Б.Александров атындағы Спорт сарайының маңындағы жерүсті өткелінің орнына жаяу жүргіншілер жолағын қайта орнату мәселесін қарастыруда. 

2018 жылы салынған бұл нысанға қала тұрғындары өз наразылықтарын білдірген болатын. Әсіресе, қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандар өткелдің шығып түсуге ыңғайсыз екенін айтқан еді. 

– Қала тұрғындары жаяу жүргіншілер жолағын қайта орнатуды сұрайды. Біз бұл мәселе жөнінде  мамандармен талдау жүргізіп, нақты шешім шығаруымыз керек,  - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.

Алайда полиция қызметкерлері «Daniel» сауда орталығынан Н.Назарбаев даңғылына дейінгі жаяу жүргіншілер жолағын қайта орнатуға үзілді-кесілді қарсы.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив