2024 жылғы қазан айының қорытындысы бойынша автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтері бір жыл ішінде 10,7%-ға қымбаттады.
Өңірлер бойынша техникалық қызмет көрсету станция қызметтерінің бағасы Алматы облысында 1,7%-ға, Батыс Қазақстан облысында 33,5%-ға дейін артқан. Бағаның айтарлықтай өсуі Ақмола (20,3%), Шығыс Қазақстан (19,4%) облыстарында және Астана қаласында (19,4%) өсуі байқалады.
Қазан айындағы көрсеткіш бойынша дөңгелек ауыстыру қызметтері бір жылда 10,2%-ға, көлік жуу құны 12,1%-ға өскен. Техникалық байқау қызметтерінің бағасы 9,5%-ға қымбаттады.