Өскеменде 40 жастағы әйелді пойыз қағып кетті


ЖАҢАЛЫҚТАР 31-10-2024, 11:00 0

сурет: Көліктегі полиция департаменті

Өскемен-1 станциясында жүк пойызының машинисі 40 жастағы қала тұрғынын жанай қағып кетті. Ол түрлі жарақаттармен Өскемен қалалық ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов хабарлады.    

Мадияр Дүйсенәліұлының айтуынша, 40 жастағы әйел теміржолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен. Аталған факті бойынша, сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды.      

Мадияр Айтуғанов көбінісе оқыс оқиғалардың теміржол рельстерін жаяу жүргіншілер өткелі ретінде пайдалатындықтан болатынын және оған қатаң тыйым салынатынын айтады. Ол теміржол бойында жүрген кезде әрбір адам мұқият болу керектігін ескертеді.     

Теміржол рельстерін кесіп өткені үшін 39 051 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.       

– Полицейлердің ұдайы жүргізетін профилактикалық жұмыстарына қарамастан, азаматтар тарапынан теміржол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілерінің орын алуы жалғасуда. Өткен кезеңде жылжымалы құрамның астына 79 азамат түскен болса, оның жартысынан көбі өліммен аяқталды, соның ішінде 6 факті бойынша балалар зардап шекті, - дейді Мадияр Айтуғанов.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив