Шамамен 2 500 000 теңге көлемінде ірі қара мал ұрлады деп күдікке ілінген қылмыстық топ ұсталды.
Тергеу барысында үш шығысқазақстандық азамат облыс аудандарының бір тұрғынының еркін жайылымынан алты ірі қара малды ұрлап, алдын ала дайындалған қораға айдап әкеткені анықталды.
– Жедел уәкілдер қылмыс жасалған түні күдіктілерді Омбы-Майқапшағай тасжолында малды тасымалдауға әрекеттеніп жатқан кезде ұстады. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасаған азаматтар қамауға алынып, олар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полиция қызметкерлері олардың осыған ұқсас басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.