Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов көмір бағасына тоқталды.
Тұрар Жолмағамбетовтың сөзінше, министрлік коммуналдық-тұрмыстық сектордың көмірмен қамтамасыз етуге жауапты. Алайда бүгінде көмір бағасы мемлекет тарапынан реттелмейді.
– Бүгінде халық үшін көмірдің құны әр түрлі. Мысалы, «Шұбаркөл Көмір» - 9 мың теңге, «Қаражыра» - 8,7 мың теңге. «Майкубен-Вест» - 7 мың 800 теңге. Әлемдік бағамен салыстырсақ, еуропалық CIF ARA көмірі шамамен 100-110 доллар тұрады, яғни біздің көмір төрт есе арзан. Өзбекстанда, Қырғызстанда, Ресейде – салыстырмалы түрде қымбатырақ. Сондықтан бізде коммуналдық-тұрмыстық көмірдің бағасы қолайлы деп айта аламын, - деді Тұрар Жолмағамбетов.