Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің ашылуына байланысты «Қызыл ту» өткелі қызмет көрсетуін тоқтатты.
«Ертіс» паромы 21 қазан күні өз жұмысын аяқтады. «Күршім» паромы біраз уақыттан бері жолаушыларды тасымалдамайды. Ол көпір құрылысына тартылған еді.
Қазір екі паромда күрделі жөндеуді қажет етеді. Екі паром 60 жылдам астам қызмет етті.
Шығыс Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілі Васильев және Октябрь өткелдерінің жұмысын жандандыру мәселесі қолға алынатыны туралы айтқан еді.
Күрделі жөндеу кейін «Ертіс», «Күршім» паромдары су қоймасының басқа учаскелерінде өз жұмысын жалғастыруы мүмкін.