1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясында елдің озат оқушыларына арналған салтанатты экскурсия өтті. Шараға оқу озаты, шығармашылықта жетістікке жеткен дарынды шәкірттер қатарынан Шығыс Қазақстан облысының да бес оқушысы қатысты.
Өңір намысын Өскемен қаласының үш оқушысы қорғады: №19 Білім беру орталығының 6-сынып оқушысы Елизавета Великанина, Ыбырай Алтынсарин атындағы №39 мектептің 5-сынып оқушысы Әлтaйыр Бақытгүл және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің 7-сынып оқушысы Даниил Когай.
Экскурсия барысында оқушылар Президент кітапханасын және салтанатты залдарды аралап, естелік сыйлықтарға ие болды. Ақордаға жасалған сапар оқушылар үшін тек жетістіктерінің мойындалуы ғана емес, болашаққа шабыт берген жарқын әрі есте қаларлық оқиға болды.