Тарбағатай және Марқакөл аудандарында көлік жолдарының бойына жануарлардың макетін орнатылып жатыр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл оқыс оқиғалардың алдын алудағы маңызды қадам.
Көрнекі макеттер жүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, мұқият болуды ескертеді.
«Мұндай шаралар, әсіресе, жануарлар жиі кездесетін жолдарда өте өзекті. Макеттер апат санын азайтып қана қоймай, жол қозғалысына қатысушылар мен жануарлардың өмірін сақтауға көмектеседі», - дейді полиция өкілдері.