Астанада өткен алғашқы жас кинематографшылар форумында өскемендік авторлар түсірген «Қорғаушы» қысқаметражды фильмі бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды bizdiң Өskemen.
Дильназ Акимқанова, Жаслан Фазылбеков, Амина Уралова және Регина Даниярова сынды шығармашыл жастардан құралған топ өз туындысында балаларға қатысты зорлық-зомбылық тақырыбын көтерген. Бұл — қоғамды алаңдататын өзекті әрі ауыр мәселе.
Фильмнің терең мағынасы, эмоциялық әсері мен әлеуметтік маңыздылығы беделді қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Қазылар қатарында кино мен теледидар саласының танымал тұлғалары болды. Байқауға іріктелген 15 фильмнің ішінен дәл осы жұмыс үздік деп танылды.
Фильм көтерген тақырып, әсіресе, бүгін – Балаларды қорғау күнінде ерекше өзектілікке ие. «Қорғаушы» – бұл жай ғана көркем шығарма емес, бұл – қоғамға жолданған үндеу, көмек сұраған жанайқай.