Абай даңғылы, 203/3 мекенжайында орналасқан «BILETI-BUS.KZ» электронды автовокзалынан күн сайын Риддер, Шемонаиха, Алматы, Талдықорған және Ресейдің Барнаул, Новосибирск, Томск, Кемерово қалаларына автобус жүреді. Вокзал басшылығы Алтай қаласы мен Бұқтырмаға да рейс ашуды жоспарлап отыр.
– Біз жолаушылардан түсетін өтініштерді қарап, солардың негізінде жаңа бағыттарды ашамыз. Алтай қаласында автовокзал, тіпті жолаушыларды қабылдау пункті де жоқ. Сондықтан алдымен осы мәселені шешу керек. Ең болмағанда сол жерде қабылдау пунктін ұйымдастыруымыз қажет. Одан кейін Бұқтырма арқылы өтетін автобустар мен маршруттарды іске қосамыз, - дейді «Қазақстанның бірінші электронды автовокзалы» ЖШС және «BILETI-BUS.KZ» жобасының директоры Денис Фомин.